«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы ашық жарияланымда

«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы ашық жарияланымда

2025 жылғы 18 ақпанда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы  (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15449836) (бұдан әрі - Жарлық жобасы) орналастырылды.

Жарлық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 156-VIII Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді (бұдан әрі – Заң).

Жарлық жобасында ротацияға жататын құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесі,    сондай-ақ олардың ауыстыру тәртібі, оның ішінде ротация жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру, оның мақсаттары, ротация жоспарын құру және т.б. қарастырылған.

Жарлық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

Жарлық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі