Бас прокуратура мен «Қазақстан Тау-кен Палатасы» қауымдастығы жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бас прокуратура мен «Қазақстан Тау-кен Палатасы» қауымдастығы жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Бас прокуратура «Қазақстан Тау-кен Палатасы» қауымдастығымен кездесу өткізді.

Бұл іс-шараны ұйымдастыру Мемлекет басшысының инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге, инвесторларды қолдауға және олардың салымдарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмасынан туындайды.

Кездесу қорытындысы бойынша қауымдастықпен жер қойнауын пайдалану саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат инвесторлардың құқықтарын қорғау және жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшін прокуратура мен бизнес-қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Меморандум қауымдастық қатысушыларында туындайтын өзекті мәселелерді жедел шешу бойынша бірлескен жұмысты, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жоюға жәрдемдесуді көздейді.

«Қазақстандық тау-кен Палатасы» қауымдастығы Қазақстандағы геологиялық барлаушылардың, пайдалы қатты қазбаларды әзірлеушілер мен өндірушілердің мүдделерін білдіреді.

Оның құрамына инвестициялардың жалпы көлемі 200 млн АҚШ долларын құрайтын Қазақстанның жетекші жер қойнауын пайдаланушылары кіреді, олардың ішінде «Rio Tinto Group», «Fortescue Metals Group», «First Quantum Minerals», «B2Gold Corporation», «Enamet» және басқа да ірі халықаралық компаниялар бар.

Бас Прокурордың орынбасары шетелдік инвестицияларды тартудың және инвесторларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, прокуратура бизнес-қоғамдастықпен диалогқа ашық екенін және туындайтын проблемаларға жедел ден қоюға дайын екенін атап көрсетті.

Бүгінгі таңда прокурорлар 800 инвесторға нақты көмек көрсетті және оларға қарсы 700-ден астам шешімді келісуден бас тартты.

«Біздің мақсатымыз - елдің тұрақты экономикалық дамуына жағдай жасау және инвесторлардың Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген сенімін арттыру» - деді Ж.Өміралиев.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі