Тәуелсіздік күніне орай

Тәуелсіздік күніне орай

Тәуелсіздік күні қарсаңында Бас прокуратура Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында прокуратура қызметкерлерінің балаларына арналған экскурсия өткізді.

Балалар Президенттік орталық музейінде еліміздің тарихы және мәдени мұрасы туралы мол мағлұмат алды, музей қорындағы қызықты экспонаттармен танысты. Әсіресе, жас жеткіншектер қару-жарақ топтамасын аса қызығушылықпен тамашалады.

Іс-шара халықтың азаматтық бірлігін, жас ұрпақтың патриоттық сезімдері мен рухани құндылықтарын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі