Прокурорлармен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау бойынша қазақ-ресей сарапшыларының кездесуі туралы (5 желтоқсан 2024 жыл, Астана қаласы)

Прокурорлармен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау бойынша қазақ-ресей сарапшыларының кездесуі туралы (5 желтоқсан 2024 жыл, Астана қаласы)

Бүгін Бас прокуратурада прокурорлармен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының делегациясымен жұмыс отырысы өткізілді.

Іс-шара екіжақты ынтымақтастықты нығайту және екі мемлекеттің прокуратуралары арасындағы тәжірибе алмасу аясында өтті.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғ.М.Қойгелдиев әріптестеріне Қазақстан прокуратурасының инвестициялық ахуал мен бизнес үшін жағдайды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

Өз кезегінде Ресей делегациясының басшысы - Ресей Федерациясы Бас прокурорының орынбасары П.П.Городов Ресейдегі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жайлы бөлісті.  

Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау бойынша прокурорлық қадағалаудың негізгі аспектілері талқыланды. Тараптар қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған бизнес саласындағы бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою бойынша озық тәжірибемен бөлісті.

Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуымен күресу және кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында тараптар шағымдар мен жолданымындарға шара қолдаудың маңыздылығын, сондай-ақ бизнес жүргізу үшін ашық және әділ жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Екі жақтың өкілдері қалыптасқан сұхбат кәсіпкерлік субъектілердің заңды мүдделерін тиімді қорғауға негіз болатынына сенім білдірді, ал бұл өз кезегінде, экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға үлес қосады.

Кездесу нәтижесінде тараптар бұл мәселе бойынша одан әрі бірлескен қадамдар жасау жоспарын белгіледі. 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі