«Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

«Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы  сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Электронды үкімет және Бас прокуратураның сайтында «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жарияланды.

Келісім Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасының құзыретті органдары арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды өздері азаматы болып табылатын мемлекетте жазаларын өтеу үшін беру мәселелері бойынша қарым-қатынасты реттеуге бағытталған.

Жобаны талқылау 2024 жылғы 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жобамен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/list?governmentId=684

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі