Қаулы жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық Кеңесі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумның жобасын мақұлдау мен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына оған қол қоюға өкілеттік беру болып табылады.
Меморандумға сәйкес Тараптар онда көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда, бір-біріне қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді.
Меморандумаға қол қою Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясының құзыретті органдары арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері бойынша қарым-қатынасты реттеуге мүмкіндік береді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі