Әскери-тарихи мұражайға экскурсия

Әскери-тарихи мұражайға экскурсия

Бас прокуратураның қызметкерлері балаларымен бірге Қорғаныс министрлігінің Әскери-тарихи мұражайында экскурсияда болды. Іс-шара Қазақстандық прокурорлар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Мұражай қорында ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының мәдениеті мен әскери тарихынан сыр шертетін ескерткіштер, сирек кездесетін жәдігерлер қойылған.

Құнды экспонаттар – қару-жарақ, соғыс ардагерлерінің жеке заттары, тарихи құжаттар, фотосуреттер, картиналар, стендтер балаларға ел тарихын терең түсінуге көмектесті.

Мұражайды аралаған жастар Екінші Дүниежүзілік соғыс оқиғалары, жауынгерлер мен ата-баба ерлігі, қазақ даласының батырлары туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Балалар экспонаттарды тамашалау барысында өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, музей қызметкерлерін үлкен қызығушылықпен тыңдады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі