АЛЖИР мұражайына саяхат

АЛЖИР мұражайына саяхат

Бас прокуратура Қазақстан прокурорларының қауымдастығымен бірлесіп Ақмола облысының Ақмол ауылында орналасқан "АЛЖИР" саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалдық-мұражай кешенінде прокуратура қызметкерлері мен олардың балаларына экскурсия ұйымдастырды.

Танымдық экскурсия аясында балалар біздің еліміздің тарихындағы адамдардың тағдырымен қайғылы кезеңнің ауыр оқиғалары туралы бірқатар ақпарат алды, қуғын-сүргін кезеңінің құжаттарымен және экспонаттарымен танысты, тарихи деректі фильмді көрді.

Өткізілген іс-шара "Адал азамат" тұжырымдамасына сәйкес өскелең ұрпақты патриоттық пен адамгершілікке тәрбиелеуге, тарих ескерткіштері мен мәдени құндылықтарға ұқыпты қарауға, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі