
Бас Прокурордың бірінші орынбасары Т.Ғ.Тәшімбаевтың төрағалығымен қылмыстық процесте бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.
Отырысқа Жоғарғы Соттың өкілдері, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қаржылық мониторинг агенттіктерінің, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы қатысты.
Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың практикалық мәселелері қаралды.
Қоғам үшін қауіпті адамдарды, әсіресе адамға қарсы ауыр қылмыстар жасаған күдіктілерді, соттылығы бар, сондай-ақ жаңа қылмыстар жасауға бейім адамдарды оқшаулаудың бірыңғай практикасын қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірленді.
Сондай-ақ, бас бостандығынан айырумен байланысты емес баламалы процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселелері, оның ішінде электрондық бақылау құралдарын (электрондық білезіктер) кеңінен қолдану қажеттілігі талқыланды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі