Электронды үкімет және Бас прокуратураның сайтында «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің штат санын ұлғайту жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі – Жарлық жобасы, жоба) жарияланды.
Бұл өзгерістер Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің штат санын ұлғайтуды қарастырады.
Жобаны талқылау 2024 жылғы 4 сәуіріне дейін жалғасады.
Жобамен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14986633
Бас прокуратураның баспасөз қызметі