Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметінің мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасын (бұдан әрі - бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасында:
1)Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына (ҚР ҒЖБМ 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы) сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Респуубликасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55, 60, 64, 65 және 2021 жылғы 12 шілдедегі № 101 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу;
2) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына түзетулер енгізу;
3) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 62 бұйрығының және басқа бұйрықтардың күші жойылды деп тану көзделеді.
Бұйрық жобасымен мемлекеттік органдардың ашық нормативтік құқықтық актілер порталында келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14815805.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі