Түркістан облысының үш ауданында жаңа прокуратура ғимараттары ашылды

Түркістан облысының үш ауданында жаңа прокуратура ғимараттары ашылды

Түркістан облысында Сауран, Мақтаарал мен Келес аудандарында жаңа прокуратура ғимараттарының салтанатты ашылуы өтті.

 Сәулетті нысандардың ашылуына Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров және  жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты.

М.Тлеубердиев өзінің құттықтау сөзінде, жаңадан салынған ғимараттарда халықпен тиімді жұмыс жасауға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Сонымен қатар облыс прокуроры ғимарат салып беруге атсалысқаны үшін аудан әкімдеріне алғыс хат табыстады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі