Прокурорлар арасындағы футзал чемпионаты аяқталды

Прокурорлар арасындағы футзал чемпионаты аяқталды

Астанада Прокуратура күніне орай прокуратура органдарының қызметкерлері арасында Бас Прокурордың кубогы үшін өткізілген футзал чемпионаты өтті.

Аталған іс-шара Бас прокуратураның бастамасымен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Қазақстан прокурорларының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Соңғы сайыста Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Маңғыстау, Жамбыл және Қарағанды облыстарының прокуратуралары қызметкерлерінен құрылған 5 команда тартысқа түсті.

Бірінші орын үшін күрес барысында ойыншылар нағыз командалық ойынды, допты иеленудің жақсы техникасын, дене шынықтыру дайындығының жоғары деңгейін және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды және Бас Прокурордың Кубогын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің командасы жеңіп алды.

Екінші орын Қарағанды облысы прокуратурасының командасына, үшінші орын Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының командасына берілді.

Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер келесі арнайы номинациялармен марапатталды: «Үздік қақпашы» - Маңғыстау облысы прокуратурасының өкілі Бейбіт Сәрсенғалиев, «Үздік қорғаушы» -Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкері Харсат Омаров, «Үздік шабуылшы» - Құқық қорғау органдары академиясынан Мұрат Тайғанов және «Үздік ойыншы» - Құқықтық статистика және аранайы есепке алу жөніндегі комитетінен Александар Сергейчук болды.

Чемпионат жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Бас Прокурордың орынбасары Ғ.Қойгелдиев, «Қазақстан прокурорларының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Мерзадинов, Комитет төрағасы С.Нұрлыбай және Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары А.Ілияс қатысты.

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі