
Бас прокуратурада Кармен Де Шепло бастаған Орталық Азиядағы АҚШ (DEA) Әділет департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының өкілдерімен кездесу өтті.
Американдық мамандар прокурорларды АҚШ (DEA) Әділет департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметімен таныстырды.
Сотқа дейінгі тергеу қызметінің бастығы Ризабек Ожаров қонақтарды мемлекеттік органдар жүйесіндегі қазақстандық прокуратураның орны туралы хабардар етті, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты тереңдетуге тілектерін білдірді.
Өз кезегінде, Кармен Де Шепло бұл кездесу бірқатар мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергенін және аймақтағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағытта белсенді байланыс орнатуға ниеттерін растады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі