Электронды үкімет және Бас прокуратураның парақшасында «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарау мен оларды жеке қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №29 бұйрығына өзрестер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы, жоба) жарияланды.
Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру және Бас Прокурордың ішкі бұйрықтарын сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасы жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау және оларды қабылдау ережелері мен тәртібін реттейді.
Жобаны талқылау 2023 жылғы 17 қарашаға дейін жалғасады.
Жобамен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14780407
Бас прокуратураның баспасөз қызметі