
Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Михаэла Рагг, Софи Хаупентал, Олаф Ворбс және Германияның Федералдық қылмыстық полиция басқармасының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында неміс тарабы қазақстандық қадағалау органы қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар болды. Тараптар қылмысқа қарсы күрес саласында екі елдің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі мәселелерді талқылады.
Бас Прокурордың орынбасары қылмыстық-құқықтық салада халықаралық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша сындарлы диалог үшін қазақстандық прокуратураның ашықтығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы және Германияның Федералдық қылмыстық полиция басқармасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде келісті.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі