Бас прокуратура еуропалық сарапшылардың қатысуымен Астанада семинар өткізуде

Бас прокуратура еуропалық сарапшылардың  қатысуымен Астанада семинар өткізуде

Бас прокуратура БҰҰ ЕҚБ-ның қолдауымен қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша еуропалық сарапшылардың қатысуымен семинар өткізуде.

Бұл іс-шараға Испания ұлттық сотының аға судьясы, Грузия Бас прокуратурасының өкілдері, сондай-ақ елдің қадағалау органының қызметкерлері қатысуда.

Қатысушыларға арнаған сөзінде Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қазақстанның Еуропа елдерімен қылмыстық-құқықтық саладағы қарым-қатынастарының серпінділігіне назар аударды, сондай-ақ аталған семинардың мақсаты халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылды одан әрі күшейту болып табылатынын атап өтті.

Бас прокуратураның шетелдік әріптестермен өзара қарым-қатынасты дамыту жөніндегі жұмысы тұрақты негізде жүргізілуде.

Жалпы, соңғы 3 жылда Еуропа елдерінен келіп түскен құқықтық көмек туралы 87 сауал орындалды, Еуропаға 172 тапсырма жіберілді.

Ұлыбритания, Франция, Испания, Италия және т.б. қоса алғанда, Еуропаның 16 елімен келісімдер жасалды, сондай-ақ Бас прокуратура Еуропадағы КАРИН (CARIN), Азиядағы АРИН (ARIN-AP) сынды активтерді қайтару желілеріне қосылды, Еуроюст (EUROJUST), ГлобИ (GlobE) және СИДжаст (SEAJust) желілерімен байланыс орнатты.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі