Бас прокуратурада азаматтық және әкімшілік істер бойынша прокурордың қатысуының проблемалық мәселелері мен перспективалары талқыланды

Бас прокуратурада азаматтық және әкімшілік істер бойынша прокурордың қатысуының проблемалық мәселелері мен перспективалары талқыланды

Бас прокуратурада облыс прокуратуралары қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті, онда азаматтық және әкімшілік істер бойынша прокурордың қатысуының проблемалық мәселелері мен перспективалары талқыланды.

Іс-шараны аша отырып, Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев соңғы жылдары соттар бірнеше реформаларды бастан өткергенін, нәтижесінде азаматтық процесте прокурордың орны мен өкілеттігі өзгергенін атап өтті. Қазіргі уақытта Президенттің бастамасымен кассациялық соттарды құру мүмкіндігі пысықталуда. Бұл сот жүйесін дамытудың, демек, прокурордың процестегі рөлінің жаңа кезеңі.

Облыс прокуратураларының қызметкерлері прокурорлардың соттарда қатысуының проблемалық мәселелерін көтерді.

Семинар нәтижелері бойынша төмен тұрған прокурорларға құрылымдық бөлімшелер арасында өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасуды жолға қою, мемлекеттің сот процестеріне  тартылуын қысқартуды көздеп, заң қызметтерінің жұмысын үйлестіру, сондай-ақ алдағы сот реформасына байланысты ықтимал ұйымдастыру шараларын пысықтау тапсырылды.

 

 Бас прокуратураның баспасөз қызметі