Бас прокуратурада Иран Ислам Республикасының Елшісімен кездесу өтті

Бас прокуратурада Иран Ислам Республикасының Елшісімен кездесу өтті

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Али Акбар Джоукар мырзамен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және қылмыстық процесте екі мемлекет азаматтарының құқықтарын сақтау мәселелерін талқылады.

Келіссөздер барысында Тимур Тәшімбаев Елшіні қадағалау органы жұмысының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, Иран тарапының сұрақтарына жауап берді.

Өз кезегінде Али Акбар Джоукар мырза кездесу үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша Бас Прокурордың бірінші орынбасары құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша сындарлы диалог үшін қазақстандық прокуратураның ашықтығын атап өтті.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі