Бас прокуратурада БҰҰ АҚжЖКБ-ның Орталық Азиядағы өкілімен кездесу өтті

Бас прокуратурада  БҰҰ АҚжЖКБ-ның Орталық Азиядағы өкілімен кездесу өтті

Бас Прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов БҰҰ - ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының (бұдан әрі-АҚжЖКБ) Орталық Азиядағы өкілі Матильда Богнермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар адам құқықтарын қорғау саласындағы міндеттемелерді орындауды қоса алғанда, Қазақстанның АҚжЖКБ-мен ынтымақтастығының негізгі аспектілерін талқылады. Қазақстанның төртінші кезеңдік баяндамасын қорғау қорытындысы бойынша БҰҰ Жоғарғы комиссары Ф.Тюрктің, БҰҰ азаптауға қарсы комитетінің ұсынымдарын іске асыруға назар аударылды.

АҚжЖКБ өкілдеріне елде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар, оның ішінде демократияландыру, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі реформалар туралы хабардар етілді.

М. Богнер елімізде жүзеге асырылып жатқан өзгерістерді, ең алдымен, құқық қорғау саласында жоғары бағалады.

Ол азаптауға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекет қабылдап жатқан кешенді шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Түзеу мекемелерінде үздіксіз бейнебақылауды енгізу, азаптауға шағымдардың төмендеу динамикасы, азаптау туралы қылмыстық істерді прокурорлардың ғана тергеуі оң атап өтілді.

Бұдан басқа, тараптар ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде БҰҰ-ның шарттық органдарының ұсынымдарын іске асыруға сараптамалық және консультациялық жәрдем беру арқылы пікір алмасты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша қатысушылар құқық қорғау жобалары шеңберінде өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі