Прокурорлар жалпықалалық сенбілікке қатысты

Прокурорлар жалпықалалық сенбілікке қатысты

Осы сенбіде, 16 қыркүйекте елордада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік өтті.

Бұқаралық іс-шараның негізгі мақсаты - қаламыздағы тазалықты сақтау проблемасына жұртшылықтың назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Бас прокуратура қызметкерлері бұл ретте шетте қалмай, Керей, Жәнібек хандар көшелерінің бойындағы (Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейін) учаскені тазартуға өз үлестерін қосты.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, прокурорлар азаматтарды тазалық шараларын жиі өткізуге шақырады, өйткені бұл біздің экологиямызды жақсартуға көмектеседі.