«Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру және жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы туралы

«Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру және жүргізу ережелерін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы туралы

Электронды үкімет және Бас прокуратураның сайтында «Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру және жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы, жоба) жарияланды.

Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасы активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру және жүргізу ережелері мен тәртібін реттейді.

Жобаны талқылау 2023 жылғы 21 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жобамен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14702516 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі