Латвияның Бас Прокурорымен кездесу туралы

Латвияның Бас Прокурорымен кездесу туралы

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың Латвияның Бас Прокуроры Юрис Стуканспен кездесуі өтті.

Іс-шара барысында Қазақстанның Бас Прокуроры қадағалау ведомствосы қызметінің негізгі бағыттары және елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты.

Тараптар Латвияның құқық қорғау органдарымен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және тұлғалаларды ұстап беру, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөнінде өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Ю.Стуканс Б.Асыловты Латвия тарапының құқықтық саладағы екіжақты қатынастарды дамытуға мүдделілігі туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Бас Прокурор қазақстандық прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша сындарлы диалог үшін ашықтығын атап өтті.

Тараптар екі елдің прокуратуралары арасындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ортақ ұмтылысын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша қылмыстық-құқықтық салада екіжақты шарттар жасасуды жеделдету туралы уағдаласты.

Сондай-ақ, оң тәжірибені ескере отырып, қадағалау ведомстволарының басшылары банк саласындағы қылмысты тергеу және заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі бірлескен тергеу тобының әлеуетін арттыру жөніндегі шараларды айқындады.

Б. Асылов Латвияның Бас Прокурорына сапары үшін алғысын білдіріп, жүргізіліп жатқан жұмыстарға табыс тіледі.

 

 Бас прокуратураның баспасөз қызметі