Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында ұлы ақынның шығармашылығына арналған «Абай күні» іс-шаралары өткізілуде.
Абай мұраларын кеңінен насихаттау, дәріптеу, жас мамандарды рухани тәрбиелеу және патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында өңірлік прокуратура қызметкерлері арасында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды.
Байқауларға прокуратураның жүзден астам қызметкері қатысып, олар Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқыды, әндерін шырқады, сондай-ақ тақырыптық көріністер мен бейнероликтер дайындады.
Байқаулар жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ ерекше белсенділік пен ықылас танытқан прокурорлар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай шаралардың тіл мәдениетін, патриоттық сезімдердің артуына тигізер зор ықпалын ескере отырып, олар прокуратура органдарында тұрақты түрде өткізілуде.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі