Бас прокуратурада БҰҰ делегациясымен кездесу өтті

Бас прокуратурада БҰҰ делегациясымен кездесу өтті

Бүгін Бас прокуратураның Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы Н.М. Сүйіндіковтің БҰҰ-ның Қазақстандағы Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (бұдан әрі – БҰҰ БЖКБ) ұлттық өкілдігінің басшысы И.Ж. Биляловамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары, оның ішінде ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

И.Ж. Билялова қадағалау органы мен БҰҰ БЖКБ арасындағы босқындардың, сондай-ақ Қазақстанда пана іздеп жүрген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелерінде тұрақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Н.М. Сүйіндіков прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуеті туралы айтып, ынтымақтастықты нығайтуға дайындығын растады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты аталған бағытта жалғастыру туралы уағдаласты.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі