Электронды үкімет және Бас прокуратураның парақшасында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі – Жарлық жобасы, жоба) жарияланды.
Жоба 2022 жылғы 5 қарашадағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер мен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жарлық жобасы Активтерді қайтару туралы комитет пен Бас прокуратураның жаңартылған ережелерінен тұрады.
Жобаны талқылау 2023 жылғы 4 тамызға дейін жалғасады.
Жобамен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14639702
Бас прокуратураның баспасөз қызметі