БАҚ үшін ақпарат

БАҚ үшін ақпарат

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында сағат 13.00-де Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғимаратында Бас прокуратура басқармасының бастығы Қожамқұлов Мұрат Төлегенұлының заң факультетінің студенттерімен кездесуі өтеді.

Спикер студенттерге прокуратура органдарының негізгі міндеттері, кадрларды іріктеудің жаңа құралдары, жұмыс істеу тәсілдері, ақпараттық технологияларды енгізу туралы баяндайды.

Іс-шараны жариялау үшін келгісі келетін журналистерді а.ж. 3 ақпан күні сағат 11.00-ге дейін 87015753079 (Ахатов Уалихан) телефоны бойынша аккредитациядан өтулеріңізді сұраймыз.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71-үй заң факультетінің 3Б бас оқу ғимараты, № 4 зал.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі