Қарақшылықпен айналысты деп айыпталған қазақстандық Түркиядан экстрадцияланды

Қарақшылықпен айналысты деп айыпталған қазақстандық Түркиядан экстрадцияланды

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы ҚР ІІМ Интерполының жәрдемдесуімен «М» азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Түркия Республикасынан экстрадициялады.

Ұсталған адам 2012 жылы адамдар тобымен «Е» азаматқа қарақшылық шабуыл жасап, оның 415 290 теңге көлемінде ақшасын иемденгені үшін айыпталуда. Сонымен қатар, осы тұлғаның 9 млн. теңгеден артық ақшалай қаражатын ұрлап, жасырынды.

Қостанай облысының Ішкі істер министрлігімен іздеу жарияланғаннан кейін ол 2013 жылы Түркия аумағында ұсталды.

Түрік тарапымен Қазақстан Бас прокуратурасының ұстап беру туралы сұрау салуы қанағаттандырылды.

Қазіргі уақытта ұсталған тұлға Астана қаласының УҰИ қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Баспасөз қызметі