Бас Прокуратурада Қырғызстан Жоғарғы Сотының Төрағасымен кездесу өтті (Астана, 10 сәуір 2017ж.)

Бас Прокуратурада Қырғызстан Жоғарғы Сотының Төрағасымен кездесу өтті (Астана, 10 сәуір 2017ж.)

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасында  Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжановтың Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Айнаш Токбаевамен кездесуі өтті.   

Кездесу барысында сот және прокуратура органдарының сот ісін жүргізу саласында өзара ынтымақтастық мәселелері пысықталды.  Шетелдік қонақтарға қылмыстық процесті жеңілдету және сапасын арттыруға, тергеушілер, прокурорлар мен судьялардың  қателерін азайтуға  бағытталған және  «Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі» жұмыс істейтін жүйенің базасында  енгізілу мүмкін «Электрондық  қылмыстық іс – Заңдылық» ақпараттық жүйесі таныстырылды.

Сонымен қатар, жедел өзара іс-қимыл және сот ісін жүргізу  саласындағы жаңа әдістер мен технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасуға қатысты басқа да мәселелері талқыланды.  

М. Ахметжанов әріптестерге сапар үшін алғыс білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастықты тіледі.  

Естеріңізге сала кетейік, «Электрондық  қылмыстық іс – Заңдылық» жаңа жүйесі 29 наурызда құқық қорғау органдарының ведомствоаралық мәжілісінде таныстырылды. (http://pravstat.prokuror.kz/rus/novosti/press-releasy/v-generalnoy-prokurature-rk-prezentovali-sistemu-elektronnoe-ugolovnoe-delo).

Бас прокуратураның баспасөз қызметі