Қазақстанның Бас Прокуроры және Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрі Ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды

Қазақстанның Бас Прокуроры және Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрі Ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды

5 маусым 2017 жыл, Астана қ. Бас Прокурор Жақып Асанов Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрі Мигель Октавио Варгас  Мальдонадо мырзамен кездесті.

Ж.Асанов қазақстандық қадағалау органы қызметінің мәртебесі мен негізгі бағыттары және басымдықтары туралы айтып береді. Құқықтық көмек көрсету, экстрадициялау, сотталғандарды беру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық саласындағы қол жеткізген жетістіктер мен перспективалары туралы баяндады.

Тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы өзара іс-қимыл жасауды дамыту перспективаларды талқылады. Доминикан әріптестеріміздің қарауында қылмыстық істер, сотталған адамдарды экстрадициялау, беру бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы екіжақты шарттардың жобалары бар.

Кездесу барысында қылмыстық-құқықтық саладағы ведомствоаралық  ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін негіз болатын Қазақстанның Бас Прокуратурасы және Доминикан Республикасының арасында институционалдық өзара ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды. 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19