
28 маусым 2017 ж., Астана қ. Бас прокуратурада Бас Прокурор Жақып Асановтың Англия мен Уэльстің бұрынғы Жоғарғы судьясы, Блакстоун Чемберс тобының төрешісі мен медиаторы, Сот және Халықаралық төрелік орталығын құру мен дамыту бойынша «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – Халықаралық қаржы орталығы) сарапшысы Лорд Вульфпен кездесуі өтті.
Сондай-ақ, аталған іс-шараға Қазақстан Бас Прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов қатысты.
Кездесу барысында ҚР Бас прокуратурасымен құрылатын Сот және Халықаралық төрелік орталығымен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды.
Кездесу соңында Ж.Асанов Лорд Вульфқа сапары үшін алғысын айта отырып, осы кездесу ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша серпін болады деген сенімін білдірді.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі