
Андрей Николаевич Кравченко 1966 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Мәскеу бизнес-мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы сот органдарында бастаған. 1991 жылдан бастап салық қызметі органдарында жұмыс істеді.
1994 жылы прокуратура органдарына қызметке түсті. Прокурорлық мамандықтың барлық сатыларынан өтті.
2001 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Шағын және орта бизнесті қолдау және қорғау, қаржы мониторингі институттарының қалыптасуына тікелей қатысты.
2011 жылғы маусымнан бастап-Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымында