Депутаттармен кездесу туралы

Депутаттармен кездесу туралы

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Бас прокуратурада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еркін Әбілмен және Айдос Сарыммен кездесу өткізілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының есімін ұмытпау үшін қолға алынып отырған шаралар, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы жан-жақты пікір алмасу болды.

Сондай-ақ қатысушылар Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысы шеңберінде тарихи оқиғаларды зерттеудің өзекті мәселелерін талқылады.

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі