Прокурорлар Кубаның Қазақстандағы Елшісімен кездесу өткізді

Прокурорлар Кубаның Қазақстандағы Елшісімен кездесу өткізді

Бүгін Бас прокуратурада Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы  Н.М. Сүйіндіков Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Оскар Сантана Леонмен кездесу өткізді. 

Тараптар қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шарттардың жобаларын келісуді жеделдету, семинарлар мен екіжақты кездесулерді ұйымдастыру мәселелерін талқылап, қылмысқа қарсы күресте екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендерін білдірді.  

Келіссөздер қорытындысы бойынша қатысушылар бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті, өйткені Америка елдері арасындағы қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі