«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бұйрығының жобасы жарияланады

2023 жылдың 21 сәуірінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бұйрығының жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14507307 (бұдан әрі – бұйрық жобасы) жарияланды.

Бұйрық жобасымен құқық қорғау органдары әскери қызметшілерінің Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасына және докторантурасына түсу тәртібін айқындау бөлігінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларына түзетулер енгізіледі.

Аталған түзетулер «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңның 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында бекітілген әскери емес мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық қорғау органдары әскери қызметшілерінің құқығын іске асыруға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі