2023 жылғы 21 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14507321 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі – Жарлықтың жоба) жарияланды.
Жарлықтың жобасы Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі елшілігі жанындағы Бас прокуратураның ресми өкілі лауазымын енгізу үшін бір штат бірлігін прокуратура органдарынан Сыртқы істер министрлігіне беру мақсатында әзірленген.
Жарлықтың жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.