Бас Прокурор көшпелі жиналыс өткізді

Бас Прокурор көшпелі жиналыс өткізді

2018 жылғы 29 қаңтар, Астана қ.  Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде жиналыс өткізді.

Жиналыста Комитеттің алдына қойылған басымдықтар мен міндеттерді іске асыру жұмыстарын, соның ішінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында аталған цифрландыруды  ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы Комитеттің рөліне баса назар аударылды. Онда қылмыстық, әкімшілік өндірісті пен азаматтардың өтініштерін электрондық форматқа көшіру және бірыңғай тексеріс тізілімі мен Аналитикалық орталық құру қарастырылған.     

Жиналыстың қорытындысы бойынша бірқатар нақты нұсқаулар берілді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі