
Ағымдағы жылдың 15-16 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының үйлестіруімен кеден маңы саласындағы құқыққа қарсы іс-қимылдың жолын кесу, сондай-ақ елдің шекара маңындағы аумақтарында контрабандалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі ауқымды бір мезгілде арнайы операция өткізілді.
Нәтижесінде 29 күдікті адам ұсталды, оның 16 – ы Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында, 13 – і Оңтүстік Қазақстан облысында. Ұсталғандардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, криминалитет өкілдері, сондай-ақ Қырғызстанның 2 азаматы бар.
Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі