
2018 жылғы 7 наурыз, Астана қ. Бас прокуратурада Халықаралық әйелдер күні 8 Наурызға арналған салтанатты жиналыс өтті.
Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров қызметтік борышын үлгілі атқарғаны және заңдылықты нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін прокуратураның нәзік жанды ару қызметкерлері мен ардагерлер әйелдеріне ыстық ықыласы мен зор алғысын білдірді.
«Құқық қорғау қызметінің барлық ауыртпалығынан қорықпай-ақ, сіздер прокурорлар қатарын толтырдыңыздар және елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамсыздандыру бойынша міндеттерді адал атқарып келе жатырсыздар. Сіздер әділдік үшін өте өжет, қайсар және объективті күресуші ару ретінде таныта алдыңыздар. Ел игілігіне еңбек етіп, заң мен кәсібіне ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет еткен Сіздерге алғыс айтамыз», - деді Қ.Қожамжаров.
Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне Бас Прокурор прокуратураның 200 астам қызметкер әйелдерін ведомстволық наградалар және және өзге де көтермелеу түрлерімен ынталандыру туралы бұйрықтарға қол қойды.
«Прокуратураның құрметті қызметкері» төс белгісімен Бас прокуратура Басқармасы бастығының орынбасары Айда Ануар, Бас прокуратура Қызметі бастығының орынбасары Анна Жданова, Бас Прокурордың аға көмекшісі Ирина Исмаилова, Бас Прокурордың көмекшісі Панагуль Шынбаева, Бас прокуратура Комитеті бөлімінің аға прокуроры Нәйлә Тілеубаева, сондай-ақ Құқық қорғау органдары академиясы Институтының аға ғылыми қызметкері Гүлмира Бекбасова марапатталды.
Іс-шараны қызметкерлердің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концертпен аяқталды.