Денис Тенді өлтіру бойынша іс Бас Прокурордың бақылауына алынды

Денис Тенді өлтіру бойынша іс Бас Прокурордың бақылауына алынды

Бүгін Алматы қаласында Денис Тенді өлтіруге қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 

 

Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ және ІІД-нің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел тергеу тобы құрылды. 

 

Іс бойынша процестік прокурорлар тағайындалды. Тергеу барысы Бас Прокурордың бақылауына алынды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі