
Электрондық үкімет порталында және Бас прокуратураның сайтында «Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағаидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі №69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасы (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) жарияланды.
Бұйрық жобасы аттестаттауға жатқызылған прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің заңнаманы білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарын (бұдан әрі – Қағаидалар) жаңа «Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Конституциялық заңға, 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске, «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы №81 Жарлығымен бекітілген құқық қорғау органдары, азаматтық қорғаныс органдары және фельдъегерлік қызметтің қызметкерелерінің әдеп кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестендіру және өзектендіру мақсатында әзірленді.
Аттестаттауға жатқызылған прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерді басқа да заңнамалық актілермен бірге білуіне компьютерлік тестілеу тапсырады.
Бұйрықтың жобасы Қағидаларда аттестаттауға жатқызылған қызметкерлердің компьютерлік тестілеуі үшін көзделген, Қағидалардағы заңнамалық актілер тізбесін өзектендіруге арналған.
Бұйрық жобасын талқылау 06.02.2023 жылғы дейін.
Жобамен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14391867