
2023 жылғы 23 қантарында Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14390288) (бұдан әрі - Жарлық жобасы) орналастырылды.
Жарлық жобасы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңды іске асыру үшін әзірленді (бұдан әрі – Заң).
Жаңа Заңмен прокуратура органдары жүйесінде әскери және көлік прокуратуралары өңірлік прокуратура санатынан шығарылып, оларға дербес мәртебе белгіленді.
Осыған байланысты, «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына, Бас әскери және Бас көлік прокурорларының лауазымдарымен толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізу қажет.
Жарлық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға алып келмейді және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді.
Жарлық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі