Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерлері арасында спорттың әр түрлері бойынша жарыстар үнемі өткізіліп тұрады.
Ағымдағы жылдың 28 қарашасы мен 1 желтоқсаны күндері прокуратура органдарының қызметкерлері арасында 6-шы желтоқсан - Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күнін мерекелеуге арналған мини-футбол және волейбол бойынша жарыстар өткізілді.
Мини-футболдан чемпионаттың жеңімпазы және Бас прокурор кубогының иегері Бас әскери прокуратураның командасы болды, екінші орынды Астана қаласының прокуратурасы иеленді, үшінші орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне берілді.
Волейболдан өткен турнирде Бас прокуратураның командасы жеңімпаз деп танылды, екінші орынды - елорда прокуратурасы, ал үшіншісін Бас әскери прокуратураның өкілдері алды.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар кубоктармен, естелік медальдармен және грамоталармен марапатталды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі