
Бас прокуратура «Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9 және 17-баптарының негізінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының жобасын (бұдан әрі - бұйрықтың жобасы) әзірленіп, электрондық үкімет порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14314167), сондай-ақ Бас прокуратураның сайтында орналастырылған.
Бұйрық жобасымен екі нұсқаулық пен қағида бекітіледі.
Қолданыстағы бұйрықпен сот актілерінің заңдылығын және мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары қызметінің заңдылығын қадағалауды біріктіретін бір нұсқаулық бекітілгенін атап өткен жөн.
Сот актілерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі бұйрық жобасында заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру, атқарушылық іс жүргізу жөніндегі жеке нұсқаулықпен регламенттеледі.
Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру мәселелері де жеке нұсқаулықпен регламенттеледі.
Заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау және актілерді бағалауды жүзеге асыру тәртібі тиісті қағидамен реттеледі.
Әзірленген Қағидаларға сәйкес талдау статистикалық деректер, сот материалдары және өзге де ақпарат негізінде жүргізіледі.
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңға сәйкес Қағидалар тексерулерді тағайындау және жүргізу негіздерімен толықтырылды. Мысалы, кәмелетке толмағандардың мүдделері осы негіздердің бірі болып табылады.
Әскери және көлік прокуратурасы органдары, прокуратура органдары ведомствосы басшыларының санаттары нақтыланды, оларға мыналар жатады:
- Бас әскери прокурор, Бас әскери прокурордың орынбасарлары, өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар;
- Бас көлік прокуроры, Бас көлік прокурорының орынбасарлары, аудандық көлік прокурорлары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар;
- Комитет Төрағасы, Комитет төрағасының орынбасарлары, Комитеттің аумақтық органдарының бастықтары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар.
Электрондық үкімет порталында және Бас прокуратура сайтында бұйрық жобасымен қатар бекітілген нұсқаулықтар мен қағиданың жобалары орналастырылған.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі