
2022 жылғы 6 қарашада Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығының жобасы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14282331) (бұдан әрі - бұйрығының жобасы) жарияланды.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі № 136-VII ҚРЗ Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастырудың тікелей әрекет ету нормаларын күшейту және тәсілдердің бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Заңмен негізгі кадрлық процестер (конкурстық тәртіп, конкурстан тыс іріктеу, кезектен тыс сыныптық шендер беру тәртібі және т.б.) заңнамалық деңгейде реттелген.
Осыған байланысты, Бас Прокурордың жекелеген бұйрықтарының күші жойылды деп танылуға тиіс.
Бұйрығының жобасын жария талқылау 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі