
2022 жылғы 12 қазанда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14257851) (бұдан әрі – қаулы жобасы) жарияланды.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі № 136-VII ҚРЗ Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін әзірленді.
«Төтенше жағдай туралы» Заңға (16-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы) аталған Заңмен төтенше жағдай енгізілген жағдайда жекелеген қосымша шаралар мен уақытша ескертулер мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынышты емес заңды тұлғалар ғана қолданылатыны туралы түзетулер енгізілді.
Қаулы жобасы осы Заңға сәйкес келтіретін нормаларды, оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты жекелеген қосымша шаралар мен уақытша ескертулерді қолдану бойынша өзгерістерді көздейді.
Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі