Бас прокуратурада қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бас прокуратурада қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында 2022 жылдың 20 қазаныңда БҰҰ азаптауға қарсы комитетінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросының өкілдерімен және Дүниежүзілік азаптауға қарсы ұйымның халықаралық сарапшыларымен кездесу өтті.

Іс-шара барысында қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі, прокурорлардың азаптау туралы істерді тергеу әдістерінің тиімділігі, сондай-ақ Бас прокуратура қабылдап жатқан азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі жүйелі шаралар мәселелері талқыланды.

Шетелдік сарапшылар Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келуге деген ұмтылысын оң қабылдады.

Тергеу органдарының қызметкерлері үшін азаптауды және тергеуді жүргізудің өзге де рұқсат етілмеген әдістерін қолданбай қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді тиімді жинау және бекіту бойынша бірлескен оқыту тренингтерін шетелдік озық тәжірибе негізінде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі