
2022 жылдың 14 қазанында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі №57 бұйрығының жобасы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14260819) (бұдан әрі – бұйрық жобасы) жарияланды.
Бұйрық жобасы 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен (бұдан әрі – ӘРПК) сәйкестендіру үшін әзірленді.
ӘРПК-ның 175-бабының 3-тармағымен «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылды.
Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі