
2020 жылғы 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылында патрульдеу барысында Жол полициясы қызметкерлері Л. Воингуйдің басқаруымен "Хонда Одиссей" маркалы автокөлігін тоқтатты.
Л. Воингуй автокөлігіне құжаттардың болмауына байланысты полиция бөліміне баруды ұсынды.
Алайда, ол қызметкерлердің талаптарына бағынбай, үйіне барды, онда ағалары А.Вингуй және М. Вингуймен бірге полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасады.
Оқиғаның видеосы БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылды.
Аталған факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокуроры ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
Үш айыпталушы кінәсін толық мойындады және тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.
Ағымдағы жылдың 14 ақпанында қылмыстық іс айыптау қорытындысымен Қордай аудандық сотына жіберілді.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі