
2022 жылғы 29 қыркүйекте НҚА-ның ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14246895) «Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы (бұдан әрі – Нұсқаулық жобасы) орналастырылды.
Осы Нұсқаулықтың жобасы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Сондай-ақ Нұсқаулық жобасымен прокуратура органдары қарайтын жолданымдардың санаты кеңейтілді, нақты айтқанда, қолданыстағы тізбеге адамның және азаматтың құқықтарын және заңды мүдделерін, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін, егер бұл мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайларда берілетін жолданымдар қосылды.
Нұсқаулық жобасын жариялы талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы